28.08.2009, 10:42 1543

Жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған биік ғимараттар пайдалануға қабылданбайтын болады - Алматы әкімдігі

Жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған биік ғимараттар пайдалануға қабылданбайтын болады - Алматы әкімдігі

Алматы. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған биік ғимараттар пайдалануға қабылданбайтын болады. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде "Көп қабатты ғимараттардың ахуалы, оларды сенімді пайдалану, қызмет көрсету және өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету проблемалары" тақырыбы бойынша сәрсенбі күні өткен кеңесте Алматы әкімінің орынбасары Виктор Долженков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Виктор Долженковтың айтуынша, үкіметтің қаулысына сәйкес, көп қабатты үйлер дербес қорғау құралдарымен жабдықталуға тиіс.

Икім орынбасарының айтуынша, қазіргі кезеңде әңгіме әкімшілік ғимараттар жайында болып отыр. "Тоғызыншы қабаттан жоғары орналасқан кеңеселерде жұмыс істейтін әрбір қызметкер жеке құтқару құралдарымен қамтамасыз етілген болуы тиіс. Қызметкер оқытылған болуға тиіс және егер ғимараттан сатымен немесе тоқсатымен шығуға мүмкіндік болмаған жағдайда өз бетімен шешім қабылдау арқылы өзіне тиесілі жеке құтқару құралының көмегімен аман қалу мүмкіндігіне ие болуға тиіс", - деді В.Долженков.

"Осындай құтқару құралдары қазір бар. Олардың бір бөлігі, немесе екі-үшеуі Қазақстанда сертификат алған", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны