09.12.2010, 18:44 4071

Жеке куәлік дайындау мерзімі екі айдан бір айға қысқарды - Иділет министрлігі

Жеке куәлік дайындау мерзімі екі айдан бір айға қысқарды - Иділет министрлігі

Астана. 9 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Жеке куәлік дайындау мерзімі екі айдан бір айға қысқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Иділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "электрондық үкімет" бағдарламасы аясында әділет органдары 2010 жылдан бастап "Құжаттандыру және халықты тіркеу" тіркеу пункті" деген ақпараттық жүйе енгізген. Аталмыш жүйені енгізу жеке басты куәландыратын құжаттарды қағаздық толтырулардан электрондық рәсімдеуге көшуге мүмкіндік беріп отыр.

"Құжатты толтыру кезінде барлық ақпарат автоматты түрде Комитеттің орталық торабына түседі. Нәтижесінде формулярларды тасымалдау шығыны қысқарады, сонымен қатар құжаттарды әзірлеу мерзімін екі айдан бір айға дейін қысқарту жоспарланып отыр",- деп атап көрсетілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны