29.05.2017, 23:02 2690

Жеке меншік компания алматылықтарға тасқыннан кейін үйлерді қалпына келтіруге құрылыс материалдарын ұсынды

Алматыныӊ Жетісу ауданында жеке меншік компания алматылықтарға көктемгі тасқыннан кейін үйлерін қалпына келтіруге құрылыс және әрлеу материалдарын ұсынды,- деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Жетісу ауданында жеке меншік компания алматылықтарға көктемгі тасқыннан кейін үйлерін қалпына келтіруге құрылыс және әрлеу материалдарын ұсынды,- деп хабарлайды қалалық әкімдік.

2017 жылы Алматыныӊ Жетісу ауданы Ангарская көшесіндегі 50 тұрғын үй көктемгі тасқыннан зардап шекті. "Alina" компаниялар тобыныӊ өкілдері 2017 жылдыӊ 25 мамырында тасқыннан зардап шеккен үйлердіӊ тұрғындарына үй-жайларды жөндеу мен әрлеуге арналған өнімдерді табыстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Атап айтсақ, компания құрғақ құрылыс қоспаларын (төсеме бояулар, гидроизоляция және т.б.), үйлердіӊ хасбеті мен ішкі жұмыстарға арналған бояулар берді.

Хабарламада атап көрсетілгендей, өнім тиелген КамАЗ тұрғындарға Жетісу ауданы әкімініӊ қатысуымен тұрғын үйлер тез арада қалпына келтірілсін деген тілекпен қоса тапсырылды.

Құрылыс материалдарын өндіруші "Alina" компаниялар тобы 27 жыл бұрын құрылған және Қазақстанныӊ 18 ірі қаласында табысты жұмыс істеп келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны