24.11.2006, 15:35 2976

Жексенбіге қараған түні Алматыда жеті орынды телефон нөмірі қолданыла бастайды

АСТАНА. 24-қараша. Kazakhstan Today. Сенбіден жексенбіге қараған түні Алматыда жеті орынды телефон нөмірі қолданыла бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"2006-жылдың қараша айының 25-інен 26-сына қараған түні Алматыда телекоммуникациялық желілерді телефон нөмірін жеті орынды санмен таңбалауға көшіру іске асырылады",- делінген "Қазақтелеком" ақпаратында.

"Телекоммуникациялық желіде телефон номерлерін ауыстыру жұмыстары 25-қарашада кешкі 23 сағатта аналог жүйесіндегі автоматты телефон станцияларында басталады, ал сандық автоматты телефон станцияларында 26-қарашада түнгі сағат 00-де басталады",- деп хабарлайды компания. Ондағылардың ескертуінше, "ауыстыру қарсаңында барлық аналог жүйесіндегі автоматты телефон станцияларында байланыс сапасы нашарлауы мүмкін. Сондай-ақ, "станцияның жауабы" сигналы уақытша жоғалып, телефон соғу мүмкін боламй қалуы да ықтимал".

Алматылық тұтынушылар қазіргі нөмірінің алдына "2" санын қосуға тиіс. Бұл ретте Алматы қаласындағы қалааралық/халықаралық абонент нөмірін теру реті өзгертілмейді.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, "апаттық (01, 02, 03, 04, 051) және анықтамалық-тапсырыс беру қызметтерінің екі және үш орынды нөмірі бар телефондарына хабарласу мүмкіндігі өзгермейді". Алматы қалалық желісі абененттерінің нөміріне ұялы байланыс желісі операторларының абоненттері тарапынан шығу нөмірі де өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай 8 -327-2 кодынан басталады.

Бұл қадам қаладағы алты орынды нөмірлеу жүйесі бойынша нөмір тапшылығы мәселесін шешу үшін жасалмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны