05.05.2008, 11:57 2407

Жеңіс күні мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады

Жеңіс күні мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады

Астана. 5-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 9-мамыр - Жеңіс күні мерекесінде қазақстандықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

"Демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы қабылдау жөнінде ешқандай шешім қабылданбайды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстанда Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады. Алайда, биыл Жеңіс күні жұмаға сәйкес келетіндіктен, демалыс күні ауыстырылмайды. Сөйтіп, мереке мамырдың 11-ші жұлдызына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, 1941-1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 проценті. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.

Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны