13.01.2015, 16:51 5816

Жеӊіс жалаушасы Астанаға оралады

Бүгін Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар паркінде Ақтаудан жеткен Жеӊіс жалаушасын қабылдап алу салтанаты өтті

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар паркінде Ақтаудан жеткен Жеӊіс жалаушасын қабылдап алу салтанаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жеӊіске құрмет" республикалық марафон-акциясына Алматы гарнизоныныӊ әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, жергілікті соғыстарға қатысушылар, қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

"Өз жолын Астанадағы 36 десантты-шабуылдаушылар бригадасынан бастаған Жеӊіс жалаушасы барлық өӊірлік қолбасшылықтардыӊ әскери бөлімдерін аралап шықты", деді Алматы гарнизоныныӊ бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов.

Ол акцияға қатысушыларды Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығы мен Достастық елдері Ардагерлер жылы шеӊберінде Елбасы - Қарулы Күштердіӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.И. Назарбаевтыӊ атынан өткізіліп отырған тарихи оқиғамен құттықтады.

Генерал-майор Д. Оспанов "Жауынгерлік ерлік халықтыӊ жадынан ешқашан өшпейтінін, сардарлар мен сарбаздардыӊ Отан үшін болған ұрыста көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы тарихымызға мәӊгі жазылатынын" атап өтті.

Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері запастағы полковник Геннадий Мунайлов Мемлекет басшысына ауқымды бастамасы және ардагерлерге жасаған қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.

"Жеӊіске құрмет" марафон-акциясы 15 қаӊтарда аяқталады. Сол күні Жеӊіс жалаушасы Кеӊес Одағыныӊ Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебіне табыс етіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны