21.07.2008, 12:44 1466

Жер бетінде екі жарым миллиардтан астам адам аса нашар санитарлық жағдайда күн кешеді

Жер бетінде екі жарым миллиардтан астам адам аса нашар санитарлық жағдайда күн кешеді

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлескен мәліметіне сәйкес, Жер бетінде екі жарым миллиардтан астам адам аса нашар санитарлық жағдайда күн кешеді, ал 1,2 млрд адам санитарлық жағдайдан мүлдем тысқары ахуалда өмір сүреді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Зерттеулерге сәйкес, адамдардың таза ауыз суға қол жеткізу мәселесін шешуде ілгерілеушілік байқалған. Алғаш рет 18 жылда осынау аса маңызды өмірлік ресурстың тапшылығына ұдайы ұшырап келгендер саны миллиардтық межеден аспаған. Қазіргі жағдаймен әлем халқының 87% таза ауыз суға қол жеткізе алады. Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2015 жылы бұл сан 90% дейін өседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны