25.01.2017, 19:58 4803

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексініӊ жобасы қоғамдық тыӊдауға шығарылады

Қоғамдық тыӊдау 2017 жылдыӊ 3 ақпаны күні Астанада өтеді.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылдыӊ 3 ақпаны күні "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексі жобасыныныӊ қоғамдық тыӊдалымын өткізеді,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Мекеменіӊ ақпаратына сәйкес, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексі жобасы "100 нақты қадам" (74 және 75 қадам) Ұлт жоспарында бекітілген Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатында даярланды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ мәліметінше, жаӊа Кодекс келесі концептуалдық өзгерістерді қамтиды:

- Австралиялық модельге ұқсас "Бірінші келген бірінші алады" лицензиялық тәртібі қағидаты енгізу арқылы Жер қойнауын пайдалану құқығын жеӊілдетілген тәртіпте беру;

- қорларды халықаралық бағалау тәртібіне өту;

- геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті беру және оны цифрлық форматқа өткізу;

- кеӊ таралған пайдалы қазбалар тізмін қайта қарастыру;

- мемлекеттіӊ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кен орынын жабу кезінде ликвидациялау ережесін күшейту;

- әрекет етуші жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт кепілдігі тұрақтылығын қамтамасыз ету және тағы басқалары.

2016 - 2021 жылдарға арналған Заӊ шығармашылық жұмысыныӊ тұжырымдамалық жоспары негізінде Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2016 жылғы 6 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілді. Кодекс жобасын ҚР Парламент Мәжілісіне 2017 жылдыӊ екінші жартыжылдығында енгізу көзделген.

Қоғамдық тыӊдау 2017 жылдыӊ 3 ақпаны күні сағат 10:00-де (Астана қаласы, Қабанбай батыр даӊғылы 32/1) Transport Tower ғимаратында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны