23.07.2016, 22:34 3183

Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Атырау облысы халқымен кездесуде

Күн тәртібінде алдыӊғы қозғалған тармақтардыӊ заӊды жалғасы ретінде үш мәселе қаралады

Атырау. 23 шілде. Kazakhstan Today. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтыӊ төрағалығымен Жер реформасы бойынша комиссиямүшелері Атырау облысы халқымен кездесуде, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Кездесуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпкерлер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, барлық деӊгейдегі қоғамдық кеӊес мүшелері, партиялық және кәсіподақ ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысып, өӊір аудандарыныӊ тұрғындары селекторлық режимде байланысқа шығып отыр. Сонымен қатар, «Bnews.kz» ақпараттық агенттігініӊ сайтында тікелей эфир ұйымдастырылды.И
Жер реформасы бойынша комиссияныӊ негізгі міндеттері Елбасы айрықша тапсырғандай, бұған дейін құрылған құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі төрт жұмыс тобыныӊ тиімді қызметі арқылы қалыӊ көпшілікпен пікір алмасып, жер заӊнамасыныӊ нормаларына қатысты ұсыныстарды қарау болып табылады.
Осыны тілге тиек еткен ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Комиссияныӊ өӊірлердегі жұмысында белгілі бір принциптердіӊ қалыптасқанын, яғни, ашық түрде ешқандай шектеусіз нақты көтеріліп отырған мәселеге байланысты пікір айтам дегендерге шектеу болмайтынын атап өтті.
«Біз бұл жерге дауласу үшін емес, жер мен ел тағдырын ақылдасу үшін жиналып отырмыз. Жер мәселесін ақылмен, сабырмен, жан-жақты талқылау арқылы қарап, шоғырланған түйінді мәселелерді шешудіӊ жақсы үлгісін көрсетуіміз қажет», - деді Комиссия төрағасы.
Күн тәртібінде алдыӊғы қозғалған тармақтардыӊ заӊды жалғасы ретінде үш мәселе қаралады:
Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру институтын жетілдіру. Оныӊ ішінде, жерді ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту, жерді жалға беру рәсімдерініӊ ашықтығын, тиімділігін арттыру, бір қолға жалға берілетін жерлердіӊ шекті (еӊ жоғары) мөлшерін белгілеу, Қазақстан Республикасыныӊ шекаралас аумақтарынан берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тәртібін күшейту.
Екіншіден, елді мекен маӊайынан жергілікті тұрғындарды қажетті жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру
Үшіншіден, мораторий жарияланған 2 мәселеге (қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беру) байланысты пікір алмасу көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны