25.05.2016, 18:06 4014

Жер реформасы жөніндегі комиссияныӊ Call-орталықтарына 1800-ден астам қоӊырау келіп түсті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жер реформасы бойынша құрылған Республикалық комиссиясыныӊ құқықтық, экономикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобыныӊ бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жер реформасы бойынша құрылған Республикалық комиссиясыныӊ құқықтық, экономикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобыныӊ бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Халық арасында түсіндіру жұмысын кеӊінен жүргізу мақсатында ағымдағы жылдыӊ 14 мамырынан бастап Call-орталық (1434) қызмет етуде. Мұндай байланыс орталығы аймақтарда да құрылды. Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоӊыраулардыӊ саны 1800 жетті. Оныӊ ішінде жер телімдерін рәсімдеу, жалға алу, сату, сонымен қатар, үстіміздегі жылдыӊ 6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға мораторий жүргізу мәселеріне қатысты қоӊыраулар келіп түсуде", - делінген аграрлық ведомствоныӊ хабарламасында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

ҚР АШМ-де еске салып өткендей, бұрынырақ республикалық комиссияныӊ екінші отырысында құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша төрт жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды.

"Жұмыс топтарыныӊ негізгі мақсаты жер нормаларыныӊ заӊнамасына сәйкес ұсыныстарды қарау және жетілдіру болып табылады. Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерініӊ қарауына енгізілуде", - деп атап өтті министрлікте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны