29.06.2009, 15:05 2520

Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алакөл маңында 3 мыңдай қытай шаруалары бидай және соя өсіруде деген ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты

Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алакөл маңында 3 мыңдай қытай шаруалары бидай және соя өсіруде деген ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков бүгін мәжілісте журналистерге берген сұхбаты кезінде Алакөл маңында 3 мыңдай қытай шаруалары бидай және соя өсіруде деген ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ал, Францияның "Le Monde" газетінде осы жылдың сәуір айында Қытайдың "China Daily" апталық басылымына сілтеме жасай отырып жарияланған мәліметке сәйкес, Алакөл маңында, Қытай шекарасында 7 мың гектардан астам жер Қазақстан мен Қытайдың бірлескен акционерлік қоғамының иелігіне өтіп, 3 мыңдай қытай шаруалары осы жерге бидай және соя өсіруге жіберілді. Мақалада атап көрсетілгеніндей, бұл жер Қытай үкіметіне 10 жылға жалға берілген.

Өмірзақ Өзбековтың хабарлағанындай, "жергілікті билік кейде ауылшаруашылығы жұмыстарына шетелдік шаруаларды тартады". Алайда, агенттік төрағасы аталған дерекке қатысты түсініктеме беруден бас тартты. "Бұл аудан бойынша менде мәлімет жоқ. Мен түсініктеме беруден қалыс қала тұрайын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны