29.02.2012, 14:58 4164

Жер шарына 2040 жылы қауіп төнуі мүмкін

2011 AG5 деген ат қойылған астероид, астрономдардың айтуынша, 2040 жылы біздің ғаламшарымызға өте жақын келетін көрінеді. Оның диаметрі 140 м., ал салмағы 3,9 млн. тоннаға жетеді.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Жер шарына 2040 жылы қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, NASA ғалымдары Жер шарына қауіп төндіретін тағы бір астероидты тапқан.

2011 AG5 деген ат қойылған астероид, астрономдардың айтуынша, 2040 жылы біздің ғаламшарымызға өте жақын келетін көрінеді. Оның диаметрі 140 м., ал салмағы 3,9 млн. тоннаға жетеді.

Астероидты ғалымдар 2011 жылдың басында көрген екен, алайда оның Жерге қауіп төндіретіні енді ғана белгілі болып отыр. Оны әлемнің жүздеген обсерваториялары 43 күннен бері қалт жібермей зерттеуде. Астероид 23 ақпанда Жерге тым жақындап, 0,09562 астрономиялық бірлік қашықтықта (1 асторономиялық бірлік 150 млн. шақырымдай) өткен. Сондықтан қазір бұл аспан денесіне Турин шкаласы бойынша қақтығысу ықтималдығы қаупінің бірінші баллы берілген.

Бұл мәселе тіпті Австрияда өткен БҰҰ-ның Ғылыми-техникалық комитетінің 49-сессиясында талқыланып та үлгерген. Онда БҰҰ-ның бастамашыл тобы өз баяндамасында астероидтың Жермен қақтығысу ықтималдығы аз екендігін айтқан.

Дегенмен, ғалымдар аспан денесінің траекториясын өзгертудің жолдарын іздестіруге бел шеше кірісіп кеткен көрінеді. Ұсынылған нұсқалардың ішінде ядролық қару қолдану туралы пікірлер де бар. Ал NASA-лықтар 2011 AG5-ті "ауырлатуды" ұсынған, алайда оны қалай жасайтындарын өздері де дұрыс білмейтін сияқты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны