16.03.2015, 09:35 3890

Жер сілкінісінен жапа шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ - Қарасай ауданыныӊ әкімі

Бүгін Алматы маӊында сағат 20:01 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетініӊ

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Жер сілкінісініӊ дүмпуі қатты сезілді. Қуанатынымыз, жапа шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ, деді Алматы облысы Қарасай ауданыныӊ әкімі Амангелді Дәуренбаев "ҚазАқпарат" ХАА тілшісіне берген ақпаратында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін Алматы маӊында сағат 20:01 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетініӊ

Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеді, деп хабарлады inform.kz сайты.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оӊтүстікке қарай 28 шақырым жерде Қырғызстанмен шекара маӊында болған.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 12.9 болса, магнитудасы MPV 6,3 ал тереӊдігі - 15 шақырым.

Алматы қаласында зілзаланыӊ 4-5 баллдық дүмпуі сезілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны