08.10.2018, 12:41 5622

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан "7-20-25" бағдарламасына қатысуды ынталандыру үшін кем дегенде 50 млрд. теӊге бөлінбек

Біз "Нұр Отан" партиясыныӊ қолдауымен алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Және аталған шаруаны қызу дөӊгелетіп, осы аптадан бастап әр өӊірлерде "7-20-25" сертификаттарын бере бастаймыз", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басшысы Қайрат Алтынбеков.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, "7-20-25" бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардыӊ алғашқы жарнасын арзандату үшін жалпы саны 50 мыӊ данадан кем емес тұрғын үй сертификаттары шығарылатын болады. Қазақстан халқына үстіміздегі жылдыӊ аяғына дейін 10 мыӊдай сертификат тапсырылмақ.

"7-20-25" сертификаттары бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны едәуір жеӊілдету мақсатында әзірленіп отыр. Сертификаттарды қала және облыс әкімдіктері өз тұрғындары арасында үлестіретін болады.

"Елбасы жергілікті бюджеттен жеӊілдетілген ипотеканыӊ алғашқы жарнасын субсидиялау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы мәлімдегендей, мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да жергілікті өӊірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканыӊ қолжетімділігін арттыра түспек. Біз "Нұр Отан" партиясыныӊ қолдауымен алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Және аталған шаруаны қызу дөӊгелетіп, осы аптадан бастап әр өӊірлерде "7-20-25" сертификаттарын бере бастаймыз", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басшысы Қайрат Алтынбеков.

"7-20-25" сертификатыныӊ орташа номиналы 1 млн. теӊгені құрайтын болады. Демек, жергілікті атқарушы органдар тарапынан "7-20-25" бағдарламасына қатысуды ынталандыру үшін кем дегенде 50 млрд. теӊге бөлінбек.

Естеріӊізде болса, қыркүйек айында "7-20-25"бағдарламасы аясында алғашқы жарнаны арзандату мақсатында "Жас арман" мен "Қамқор баспана" өнімдері әзірленіп, олар өӊірлерде іске асырыла бастаған еді. Енді өнімдер біріктіріліп, алғашқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік жұмыс "7-20-25" сертификаттары аясында кеӊінен жүргізілмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны