14.04.2017, 20:16 6086

Жергілікті атқарушы органдардыӊ жалпы рейтингінде Қызылорда облысы 4-ші орынға ие болды

Қызылорда облысыныӊ жергілікті атқарушы органдары 2016 жылы 3 017 132 қызмет көрсетсе, оныӊ 77,2% медицина саласында болып отыр. 2017 жылдыӊ 1-тоқсанындағы 579 850 мемлекеттік қызметтіӊ 40 535-і мемлекеттік корпорация арқылы, 83 218-і электронды түрде көрсетілген.

Қызылорда. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жергілікті атқарушы органдары 2016 жылы 3 017 132 қызмет көрсетсе, оныӊ 77,2% медицина саласында болып отыр. 2017 жылдыӊ 1-тоқсанындағы 579 850 мемлекеттік қызметтіӊ 40 535-і мемлекеттік корпорация арқылы, 83 218-і электронды түрде көрсетілген.

Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыс әкімі аппаратыныӊ электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердіӊ мониторингі бөлімініӊ басшысы И.Ақжігітова, Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ филиалы - Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментініӊ директоры А.Ибибуллаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ж.Ибдусаметов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ орынбасары А.Есқараева мәлімдеді.

Мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын арттыру мемлекеттік секторды реформалаудағы негізгі бағыттардыӊ бірі болып табылатындықтан, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуге септігін тигізетін процестерді жетілдіруді жүктейді.

2017 жылдыӊ 1-тоқсанында жоспарға сәйкес 50 бақылау іс-шарасы жүргізіліп, барлығы 34 нысан қамтылды, оныӊ ішінде жергілікті атқарушы органдары саны - 33, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар саны - 1. Дегенмен, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында қол жеткізген қандай да бір көрсеткіштерге қарамастан, бұл салада шешілуі қажет жүйелілік, құқықтық және техникалық түрдегі мәселелер жетерлік. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсету процесі үнемі арттыру мен жетілдіруді талап етеді.

- 2016 жылға арналған Қызылорда облысыныӊ Өӊірлік даму жоспарына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі мен Қызылорда облысы әкімініӊ арасындағы меморандумда "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердіӊ көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деӊгейін арттыру" көрсеткішініӊ жоспарлы мәні 82% деп жоспарланып, орындалуы 89%-ды құрады. Нәтижесінде ЖАО-дыӊ жалпы рейтингінде Қызылорда облысы 4-ші орынға ие болды. Биылғы жылдан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп жүргізілген шараларға сәйкес қалалық, аудандық емханаларда мемлекеттік корпорацияныӊ бөлімшесі ашылып, тұрғындар сол жерден электронды-сандық қолтаӊба алып, емханаға тіркелу, дәрігердіӊ қабылдауына жазылу қызметтерін электронды түрде алуда, - деді И.Ақжігітова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны