02.06.2011, 15:19 3245

Жергілікті мектептердің бірінде оқитын үш оқушы "Мега Ақтөбе" сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген

Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері Ақтөбедегі "Мега" сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар бергендерді құрықтаған. Күдіктілер Мартук ауылының 13, 15 және 16 жастағы үш жасөспірімі болып шыққан.

Ақтөбе. 2 - маусым. Kazakhstan Today - Жергілікті мектептердің бірінде оқитын үш оқушы "Мега Ақтөбе" сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері Ақтөбедегі "Мега" сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар бергендерді құрықтаған. Күдіктілер Мартук ауылының 13, 15 және 16 жастағы үш жасөспірімі болып шыққан.

Балалардан жауап алу кезінде, олар 1-маусым күні сағат екілер шамасында кездесіп, жас үлкені полицияға сауда ойын сауық орталығына мина қойылғаны жөнінде телефон шалу туралы ұсыныс білдірген. Қалғандары бұл ұсынысқа келіскеннен кейін ол өзінің ұялы телефонынан 102 нөмірін теріп 13 жасар екінші балаға берген. Ол Ақтөбе - Мега аталмыш сауда орталығына мина қойылды деп дабыл қаққан да, телефонын өшіріп тастаған. Бұдан кейін олар телефондағы SIM-картаны лақтырып жіберіп, үйлеріне тарасқан.

Осы хабарды алысымен тиісті күш құрылымдарының қызметкерлері орталықта жүрген адамдарды қауіпсізжерге көшірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны