16.02.2012, 12:09 3351

Жетібай-Жаңаөзен бағытындағы тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Кеше кешқұрым жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 515-720 шақырымы аралығы, сонымен қатар "Жетібай-Жаңаөзен-Фетисова-Түркіменстан шекарасы" жолының 82-145 шақырымындағы Жетібай-Жаңаөзен учаскесінде көліктердің барлық түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.

Астана. 16-ақпан. Kazakhstan Today - Қатты боранға байланысты Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Жетібай-Жаңаөзен бағытындағы тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Қазақавтожол" РМК баспсөз қызметі хабарлаған.

Кеше кешқұрым жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 515-720 шақырымы аралығы, сонымен қатар "Жетібай-Жаңаөзен-Фетисова-Түркіменстан шекарасы" жолының 82-145 шақырымындағы Жетібай-Жаңаөзен учаскесінде көліктердің барлық түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.

Айта кетейік, "Қазақавтожол" РМК-ның аталған өңірдегі филиалының қызметкерлері боран басылғаннан кейін қар басып қалған бұл жолдарды тазалаған соң, көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны