04.02.2019, 14:45 20097

"Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды

Алматы облысы аумағында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтардың тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша қандай да ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болған жағдайда "Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне хабарласуыңызға болады.

Талдықорған. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауы негіз болған, сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайту мақсатында "Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылып, өз жұмысын бастады.

Алматы облысы аумағында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтардың тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша қандай да ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болған жағдайда "Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне хабарласуыңызға болады.

Сіздердің "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі "Jetisy? - adaldyq alan?y" ашық тобына,"Whats App" мобильді қосымшасы арқылы 8 701 994 0707нөміріне жолдаған ұсыныстарыңызбен шағымдарыңыздың негізінде жоба жетекшілері мен мамандары нақты шара қолдануға бар күшін салады.

Қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныс-тілектеріңіз болса 8 (7282) 24-71-19 байланыс телефонына хабарласыңыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны