21.12.2017, 21:58 4847

Жетісу ауданында 118 886 адамға медициналық қызмет көрсетілген

Аудан басшысыныӊ мәліметінше, барлық емханалар аралас типтік, бастапқы медико-санитарлық көмек Алматы қаласы Жетісу ауданыныӊ ересек, балалар мен әйел тұрғындарына біруақытта көрсетеді.

Алматы. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Жетісу ауданыныӊ медициналық бірлестіктерін №11, №21, "Құлагер" БМСКО құрайды. Жетісу ауданыныӊ медициналық бірлестіктерініӊ емханаларында 118 886 адамға қызмет көрсетіледі, олардыӊ ішінде ересектер - 84 269, балалар - 31 333, жасөспірімдер - 3 284. Мұндай тыӊ ақпараттарды Алматы қаласыныӊ Өӊірілік коммуникациялар қызметі алаӊында өткен брифингте Жетісу ауданыныӊ әкімі Мұхтар Ілиясұлы мәлімдеді.

Аудан басшысыныӊ мәліметінше, барлық емханалар аралас типтік, бастапқы медико-санитарлық көмек Алматы қаласы Жетісу ауданыныӊ ересек, балалар мен әйел тұрғындарына біруақытта көрсетеді. Емханалар Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Ресей сияқты өндіруші мемлекеттердіӊ заманауи құрылғылары және аппаратураларымен жабдықталған, соныӊ арқасында медициналық көмек әлдеқайда сапалы және кәсіби диагностиканы нақтырақ жасауға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жаӊғырту мақсатында автоматтандырылған ақпараттық жүйелер орнатылған:

I. "AlmaTurn" электронды кезектіӊ автоматтандырылған жүйесі"

Электронды тіркеу дәрігер қабылдауына жазылуға мүмкіндік береді: телефон арқылы, интернет құралдары және пациенттіӊ тікелей емханаға келуі кезінде.

II. "Персонал" электронды бағдарламасы"

Бейнеқабырға - дәрігерлердіӊ жұмыс кестесін, сонымен қатар пайдалы ақпараттар мен анықтамалық ақпараттарды бейнеқабырғаға шығарады.

III. "Флюоротека" электронды бағдарламасы"

Флюорографиялық тексерулерді тіркеу және қортындысын дәрігерлік бағалау. Флюорографиядан өткен адамныӊ базасы қалыптастырылады.

IV. "Науқас парағы" электронды бағдарламасы"

V. Cаll-центр - "Сallisto" көпканалды бағдарламасы орнатылған. Бұл бағдарлама бойынша бірнеше оператор жауап береді, олар тікелей немесе телефон арқылы хабарласқан жағдайда дәрігерді үйге шақырту қоӊырауын қабылдайды, - деп мәлімдеді Мұхтар Тәжібаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны