21.12.2017, 21:50 4733

Жетісу ауданында 527 балаға жәрдемақы тағайындалған

2017 жылы "Жұмыспен қамту орталығы" КММ бөлімінде жұмыссыз ретінде 3672 адам өтінген, 1386 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, жұмысқа орналастырылғандар саны 1793 адам, - деп хабарлады Жетісу ауданыныӊ әкімі.

Алматы. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жетісу ауданында 527 балаға жәрдемақы тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек 30 отбасына жалпы сомасы 6035,29 мыӊ тг. тағайындалды, - деп мәлімдеді Алматы қаласы Жетісу ауданыныӊ әкімі М.Тәжібаев Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазақстан Республикасыныӊ "Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заӊына сәйкес 18-ге дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы ауданда 192 отбасыныӊ 527 баласына 7205,93 мыӊ. тг. көлемінде жәрдемақы тағайындалды.

"Өрлеу" бағдарламасы бойынша 6 отбасы 36 адамға 2021,36 мыӊ.тг. тағайындалды. Тұрмыс деӊгейi төмен азаматтарға берiлетiн көмектiӊ тағы бiр түрi - тұрғын үй жәрдемақысы 206 отбасына, 2676,53 мыӊ.тг. коммуналдық қызмет төлеу үшін қаржы тағайындалды. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 5,5 АЕК мөлшерінде 34 адамға ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілді жалпы сомасы 3282,61 мыӊ тг. қаржы тағайындалды.

Сонымен қатар аудан басшысы брифинг барысында ауданныӊ әлеуметтік жағдайына да тоқталып өтті. 1035 мұқтаж адамға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 АЕК төленетін әлеуметтік көмек тағайындалып, оған 31559,52 мыӊ тг. қаржы тағайындалды. Илеуметтік көмек емдеудіӊ амбулаториялық кезенінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтар 66 адам ай сайын 7 АЕК мөлшерінде төленетін әлеуметтік көмек алды, оларға 4452,14 мыӊ тг. тағайындалды.

Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деӊгейініӊ екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек 464 адамға 7,5 АЕК мөлшерінде 7896,4 мыӊ тг. тағайындалды. Мұқтаж азаматтардыӊ жекелеген санаттарына ыстық және суық сумен жабдықтаудыӊ есептеуіш құралдарын сатып алуы, орнатуы немесе тексеруден өткізуі бойынша шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек 90 адамға 802,4 мыӊ тг. тағайындалды. "Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытатын жанұяларға арналған жәрдемақы" көмегі 77 адамға 2067,63 мыӊ тг. тағайындалды.

2017 жылы "Жұмыспен қамту орталығы" КММ бөлімінде жұмыссыз ретінде 3672 адам өтінген, 1386 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, жұмысқа орналастырылғандар саны 1793 адам, - деп хабарлады Жетісу ауданыныӊ әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны