Система Orphus

"Жетісу" ИКК басқарма төрағасы Ұлы Петр орденімен марапатталды

21.04.2008, 16:13 1993

Алматы. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Серік Сұлтанғалиев Ресей қоғамдық комиссиясының шешімімен І дәрежелі Ұлы Петр орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Жетісу" ИКК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ресейдің бұл жоғары наградасына С. Сұлтанғалиев Ресей мен Қазақстан Республикасы арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін лайықты деп табылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

С. Сұлтанғалиев - сәулетші, Қазақ политехника институтын бітірген. Көптеген жылдар бойғы жемісті еңбегі және ҚР құрылыс саласын дамытудағы еңбегі үшін С. Сұлтанғалиев "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" және "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" құрметті төс белгілерімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны