14.09.2006, 16:09 3563

Жезқазған қалалық прокуратурасы қалалық әкімшіліктің жер қатынастары бөлімінің үш қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қозғады

АСТАНА. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Жезқазған қалалық прокуратурасы әкімшілік пен "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік басқармасында азаматтар мен заңды тұлғаларға жер телімдерін беру барысындағы заңдылықты сақтау жағдайына тексеру жүргізіп, нәтижесінде қалалық әкімшіліктің жер қатынастары бөлімінің үш қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бас прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, тексеру нәтижесінде анықталғанындай, әкімшілік қызметкерлері мен олардың туыстарына жеке баспана тұрғызуға арналған жер телімдерін иемдену құқығы тез арада рәсімделіп отырған, олардан тіпті иелігінде жер телімдері бар-жоқтығы жөніндегі анықтама талап етілмеген. Ал басқа азаматтардың жер телімдерін беру жөніндегі арыз-өтініштері бір жылдан астам уақыт жата беретін болған немесе жер телімдері бар-жоқтығы жөніндегі анықтама әкелмеуге байланысты мүлдем қабылданбай тасталып отырған.

Сол арқылы ҚР Жер кодексінің 43-бабы бұзылған. Онда жер телімін беру жөніндегі өтініш 2 ай мерзімде қаралады, ал шағын кәсіпкерлік субьектілеріне жер телімін иемдену құқығы берілген жағдайда үш аптада қаралады деп көрсетілген, дейді прокуратурадағылар.

Жалпы алғанда заңды және жеке тұлғалардың 134 өтінішіне қатысты қарау мерзіміне қатысты тәртіп бұзылған.

Жер телімін беру жөніндегі өтініштерді қарау мерзімін бұзған әкімшіліктің лауазым иелерінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны