13.05.2010, 13:32 2819

Жезқазғанда "Қазпошта" төрайымының міндетін атқарушы қаржы ұрлағаны үшін бес жылға сотталды

Жезқазғанда "Қазпошта" төрайымының міндетін атқарушы қаржы ұрлағаны үшін бес жылға сотталды

Қарағанды. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Жезқазғанда "Қазпошта" төрайымының міндетін атқарушы өзіне сеніп тапсырылған қаржы ұрлағаны үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жезқазған қалалық прокуроры Ғарифулла Айранбаевқа сілтеме жасап.

Ғ. Айранбаевтың айтуынша, "Қазпошта" АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалының Жезқазған қалалық №2 пошта байланысы бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Г. Саденова 3,5 млн теңге алған, соның 400 мың теңгесін қызмет бабын пайдалану арқылы иемденіп алған.

"Бастапқыда Г. Саденова ақшаға айрықша мұқтаж болуға байланысты өз қажеттігіме жараттым деп мойындаған. Кейін өзінің берген есебінде жетпей қалған 400 мың теңгені салақтықтың салдарынан ақшаны инкассатордан қабылдап алған кезде зейнеткерлердің үлкен кезегі түзілуге байланысты ілеспе құжатқа ақшаны санамастан қоя салуға байланысты жетпей қалды деп түсіндіруге тырысқан. Алайда оның бұл уәжі басқа да қосымша дәлелдермен жоққа шығарылды", - деді прокурор.

Оның айтуынша, Жезқазған қалалық сотының үкімімен Г. Саденова ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бабының 3-ші тармағының "г" тармақшасы (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және оған теңестірілген органдарда үш жыл мерзімге материалдық жауапкершілік жүктелетін лауазымдарды иемдену құқығынан және бас бостандығынан айыруға кесілді.

"Сотталушы қылмысын мойындап, шығынды өз еркімен өтеп беруге, тұрғылықты жері мен жұмыс орнында оң сипаттамаға ие болуға, асырауында екі жасар баласы болуға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 72-ші бабының 1-тармағының (жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру) негізінде оған қатысты жазаны атқару баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енді", - деді прокурор.

Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын тағы да осы пошта байланысы бөлімшесінің төрайымы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге арналған аса ірі көлемдегі ақшаны ұрлағаны үшін сотталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны