10.05.2011, 14:16 3098

Жезқазғанның тергеу абақтысының бастығы көлік апатынан мерт болды

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 10.40 шамасында С. Өміртаев Қызылорда - Павлодар тасжолымен қаладан 10 шақырым жерде орналасқан тергеу абақтысынан Жезқазғанға келе жатқан. Жолда көліктің дөңгелегі жарылып, соның салдарынан "Ниссан" көлігі жарға құлап кеткен. Көлік апатының салдарынан 49 жастағы полковник оқиға орнында көз жұмған.

Қарағанды. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда - Павлодар тасжолында болған көлік апаты салдарынан Жезқазғанның АК 159/24 тергеу абақтысының бастығы Саят Өміртаев мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 10.40 шамасында С. Өміртаев Қызылорда - Павлодар тасжолымен қаладан 10 шақырым жерде орналасқан тергеу абақтысынан Жезқазғанға келе жатқан. Жолда көліктің дөңгелегі жарылып, соның салдарынан "Ниссан" көлігі жарға құлап кеткен. Көлік апатының салдарынан 49 жастағы полковник оқиға орнында көз жұмған.

Дөңгелектің жарылу себептері анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны