26.04.2016, 13:28 3866

Жыл басынан бастап Жамбыл облысыныӊ 2,4 мыӊнан астам тұрғыны "Өрлеу" жобасыныӊ аясында әлеуметтік көмек алды

2016 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысында "Өрлеу" жобасыныӊ аясында жалпы сомасы 19,6 млн.теӊгені, оныӊ ішінде республикалық бюджеттен 14,6 млн.теӊге, жергілікті бюджеттен - 5 млн. теӊгені құрайтын шартты ақшалай көмек (ШАК) 437 отбасына (2 мыӊ 411 адам) тағайындалды

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысында "Өрлеу" жобасыныӊ аясында жалпы сомасы 19,6 млн.теӊгені, оныӊ ішінде республикалық бюджеттен 14,6 млн.теӊге, жергілікті бюджеттен - 5 млн. теӊгені құрайтын шартты ақшалай көмек (ШАК) 437 отбасына (2 мыӊ 411 адам) тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ШАК алушылардыӊ ішінде 63,2%-ы 18 жасқа дейінгі балаларды (1 мыӊ 526 адам), 20,7% - жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды (501 адам), балалар күтімімен айналыстан адамдар - 12%-ды (291 адам), жалдамалы жұмысшылар - 1,1%-ды (28 адам), күндізгі оқу бөлімінде оқитындар - 1,7%-ды (43 адам), мүгедектер - 0,7%-ды (17 адам), зейнеткерлер - 0,2%-ды (5 адам) құрап отыр.

Жоба аясында жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларымен 501 адам қамтылды. Бұл жұмысқа жарамды қатысушылардыӊ 94,7%-ын құрайды. Оныӊ ішінде 207 адам "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ қатысушысы атанды. 50 азамат түрақты жұмыспен қамтылып, 242 адам қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталса, 2 азамат жастар практикасынан өтуде.

Естеріӊізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмекті енгізуге негізделген "Өрлеу" республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Ол шартсыз атаулы әлеуметтік көмектен "өзара міндеттемелер" қағидасына (әлеуметтік келісім-шарт жүйесіне) көшуді қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен қосымша 38 аудан мен қалаларда жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теӊге бөлінді.

Қазақстанда 2016 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19,7 мыӊ адамды құрап отыр, мемлекеттік жәрдемақы алушы балалар саны - 443,2 мыӊ.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны