26.06.2015, 16:12 3351

Жыл басынан бері 38 мыӊ қазақстандық "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ қатысушысы болды

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 38 мыӊ қазақстандық "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысты. Ол азаматтардыӊ негізгі бөлігін, яғни 24 мыӊға жуығын жұмыссыздар құрады, олардыӊ 44% - ауыл тұрғындары

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 38 мыӊ қазақстандық "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысты. Ол азаматтардыӊ негізгі бөлігін, яғни 24 мыӊға жуығын жұмыссыздар құрады, олардыӊ 44% - ауыл тұрғындары, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы жыл басынан бері "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында әлеуметтік келісім-шарт жасасқан және өткен жылы оқыған немесе қайта даярлықтан өткен азаматтарды есептегенде 45 мыӊнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты. Солардыӊ 77% тұрақты жұмыспен қамтылды.

Еӊ жоғары көрсеткіштер Оӊтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркеліп, сәйкесінше шамамен 9 мыӊ және 6 мыӊ адамды құрады.

Сонымен қатар, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту) 159 инфрақұрылымдық жоба іске асырыла бастады. Олардыӊ 40% астамы - білім беру нысандары.

Екінші бағыт (ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру) аясында жеке кәсіптерін ашуға 83 шағын несие берілді. Мерзімінен бұрын өтеу есебінен тағы 475 адам жұмыс істеп тұрған бизнесін кеӊейтуге шағын несие алды.

Үшінші бағыт (жұмыс берушілердіӊ нақты сұранысын есепке ала отырып, оқуға, жұмыспен қамтуға және көшуге көмектесу) бойынша 2 мыӊнан астам адам кәсіби оқудан өткеннен кейін жұмысқа орналастырылды. Илеуметтік жұмыс орындарына 6333 адам бағытталды, тағы 3517 азамат жастардыӊ тәжірибеден өту шеӊберінде еӊбекпен қамтылды.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда өткен ҚР Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ тиімділігін атап көрсетіп, оны өзектендіруге тапсырма берді.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында:

1. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды және аз қамтылған тұрғындарды басым негізде жұмыспен қамту; Астана және Алматы қалаларында қысқа мерзімді курстарда қызмет көрсету саласындағы жұмыстарға жастарды даярлау шараларын пилоттық режімді іске асыру;

2. Барлық өӊірлерде аз қамтылған азаматтарды еӊбекке ынталандыруды күшейту үшін пилоттық режімде келісім-шарттық негізде шартталған әлеуметтік төлемдер енгізу жоспарланып отыр. Оларды іске асыру нәтижесінде заӊ жобасы әзірленеді.

Ағымдағы жылы бағдарламаны әрі қарай іске асыруға 37,3 млрд. теӊге (2014 ж. - 94,3 млрд. теӊге, 2013 ж. - 102,9 млрд. теӊге, 2012 ж. - 57,6 млрд. теӊге) қарастырылған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны