28.04.2014, 20:25 4941

Жыл басынан бері Астана халқының саны 8 мыңға артты

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 7551 адамға артты, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. Астана халқының саны 8 мыңға жуық артып, 821 952 адамды құрады.

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 7551 адамға артты, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

2014 жылғы қаңтар-ақпанда халықтың табиғи өсімі - 3182 адамды, көші-қон өсімі - 4369 адамды құрады.

Айта кетейік, 2014 жылғы қаңтар-ақпанда жалпы Астана қаласында 3737 сәби туылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық.

Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,9%-ға көтерілді және 3182 адамды құрады. Осы аралықта қалада 555 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткіштен 10%-ға аз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны