21.01.2014, 20:00 33278

Жыл басынан бері Атырау облысында жастардың 5 ресурстық орталығы ашылды

"2014 жылдың қаңтарынан бері облыстың 5 ауданында жастардың 5 ресурстық орталығы ашылды, тағы 2-еуі облыс орталығында тіркелудің алдында тұр. Жастардың ресурстық орталығы - жастармен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік орган", - делінген хабарламада.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың басынан бері Атырау облысында жастардың 5 ресурстық орталығы ашылды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

"2014 жылдың қаңтарынан бері облыстың 5 ауданында жастардың 5 ресурстық орталығы ашылды, тағы 2-еуі облыс орталығында тіркелудің алдында тұр. Жастардың ресурстық орталығы - жастармен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік орган", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өңірде жастарға арналған кеңес беру орталығы да жұмыс істейді.

Айта кету керек, өңірде "Жас Отау" жастар бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Мамыр айында бағдарламаға қатысу үшін құжаттар қабылдана бастайды. Үйлердің құрылысы тамыз айының аяғында аяқталады деп күтілуде.

2014 жылға дейін "Жас Отау" бағдарламасы аясында 3 тұрғын үй салу жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны