28.07.2017, 19:21 4078

Жыл басынан бері деструктивтік діни ағымдардыӊ қызметінен зардап шеккен 1134 адам оӊалтылды

Жыл басынан бері деструктивтік діни ағымдардыӊ қызметінен зардап шеккен 1134 адам оӊалтылды. Бұл радикалды және деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарыныӊ белсенді жұмысы нәтижесінде орындалды.

Астана. 28 шілде. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері деструктивтік діни ағымдардыӊ қызметінен зардап шеккен 1134 адам оӊалтылды. Бұл радикалды және деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарыныӊ белсенді жұмысы нәтижесінде орындалды. 2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында ел аумғында 5000 астам іс-шара өткізіліп, оған 6630 адам қамтылды.

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында білікті теолог, дінтанушы, психолог және діни берлестіктер мен үкіметік емес ұйымдар өкілдерініӊ қатысуымен жүргізілген жұмыс осындай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда оӊалту жұмыстарына Астана, Алматы қалаларыныӊ және облыстардыӊ Дін істері басқармалары мен оӊалту орталықтары жұмылдырылған. Атап айтқанда, барлық өӊірлерде Діни проблемаларды зерттеу орталықтары, "Насихат" консультациялық-оӊалту орталығы" (Көкшетау қ.), ҚМДБ жанындағы О. Есенұлы атындағы оқу-оӊалту орталығы, "Нұрлы білім" ҚБ (Қарағанды қ.), "Аӊсар" ақпараттық-талдау орталығы" (Ақтөбе қ.), "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендер көмек көрсету (Атырау қ.) орталықтары жұмыс жасайды.

Аталған оӊалту орталықтарыныӊ қызметі экстремисттік сипаттағы деструктивтік діни ағымдардыӊ ықпалынан зардап шеккендерді оӊалту және бейімдеу арқылы халықтыӊ радикалдану деӊгейін төмендетуге бағытталған.

Сондай-ақ, ақпараттық түсіндіру және оӊалту жұмыстары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де жүргізілуде. Өӊірлік Дін істері басқамаларымен ағымдағы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында 3888 кездесулер ұйымдастырылып, оған 18 000-нан астам адам қамтылған. Оныӊ қорытындысы бойынша 264 адам өздерініӊ деструктивтік діни көзқарастарынан бас тартты.

Еске сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп радикалды және деструктивтік діни идеологияныӊ ықпалына түскен тұлғаларға теологиялық және психологиялық оӊалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны