30.07.2015, 09:03 3104

Жыл басынан бері елдіӊ су қоймаларында 387 адам суға батып кетті - ҚР ІІМ ТЖК

Қабылданған шараларға қарамастан, көрсетілген кезеӊде еліміздіӊ су айдындарында 387 адам суға батты, оныӊ ішінде 99-ы бала.

Астана. 30 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитеті, оныӊ аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері суға түсу мауысымын қауіпсіз өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қабылданған шараларға қарамастан, көрсетілген кезеӊде еліміздіӊ су айдындарында 387 адам суға батты, оныӊ ішінде 99-ы бала, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметініӊ мәліметінше, ағымдағы жылдыӊ өткен кезеӊінде ТЖК жедел-құтқару жасақтарыныӊ құтқарушылары 657 адамды, оныӊ ішінде 167 баланы құтқарды, 119 адамға, оныӊ ішінде 32 балаға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қабылданған шараларға қарамастан, көрсетілген кезеӊде еліміздіӊ су айдындарында 387 адам суға батты, оныӊ ішінде 99-ы бала.

Барынша көп қаза болғандар Алматы, Шығыс Қазақстан, Оӊтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Адамдардыӊ суда қаза болуларыныӊ басты себептері қауіпсіздік ережелерін бұзу және су айдындарыныӊ жабдықталмаған учаскелерінде суға шомылу, сондай-ақ еліміздіӊ шығыс, батыс және оӊтүстік өӊірлерінде тіркелген аномальды ыстық ауа-райы болып табылады.

ТЖД аумақтық бөлімшелері күн сайын су айдындарындағы қайғылы оқиғалардыӊ алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Барлық жерлерде балалармен танымдық шаралар, интерактивті сабақтар өткізіледі, тұрғындар және балықшылармен әӊгімелесулер мен дәрістер жүргізіледі. Профилактикалық жұмыстарға бұқаралық ақпарат құралдары қосылады.

Қала жағажайларында "Судағы жүріс-тұрыс ережелері", "Суда зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету" тақырыптары бойынша 500-ден аса көрнекі стенд орнатылды.

Еліміздіӊ су айдындарыныӊ жабдықталмаған және қауіпті учаскелерінде "Суға түсуге тыйым салынады" деген 555 тыйым салатын белгі орнатылды.

Су айдындары маӊында орналасқан балалар демалатын лагерьлерге жоғары көӊіл бөлінуде, ТЖД білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен, әкімдіктермен бірлесіп, балалардыӊ судағы қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Еліміздіӊ су айдындарында адамдардыӊ қаза болуына жол бермеу мақсатында Комитеттіӊ аумақтық бөлімшелері ішкі істер департаменттерімен бірге демалыс және мереке күндері суда жаппай демалу орындарында демалушы адамдармен қоғамдық жерлердегі жүріс-тұрыс ережелерін бұзуға жол бермеу бойынша рейдтер, сондай-ақ аса қауіпті акваторийлерде патрульдеу жұмыстарын жүргізуде, оныӊ барысында халықпен су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы алдын алу әӊгімелері, дәрістері жүргізіледі.

Балалардыӊ судағы өлімін болдырмау үшін, құтқару бөлімшелерініӊ қызметкерлері балаларға жүзуді үйрету бойынша жұмыс жүргізді. Балалар білім беретін және спорт мекемелеріндегі хауыздарда үйретілді. 2015 жылдыӊ өткен кезеӊінде 4 000-нан аса балаға жүзуді үйрету ұйымдастырылды. Осы бағыттағы жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны