10.08.2006, 11:22 3423

Жыл басынан бері еліміздің жолдарында 7,2 мың жол апаты тіркелді

ТАРАЗ. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың 6 ай, 20 күнінде еліміздің жолдарында 7273 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 1780 адам қаза тауып, 874-і жараланды. Бұл туралы ҚР ІІМ жол полициясы департаментінің төрағасы Өмірзақ Түсімов Таразда өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ө.Түсімовтың айтуынша, өткен жылғы осы мерзіммен салыстрығанда апаттар саны 7,8%-ке, жол апаттарында опат болғандардың саны 28,4%--ке артқан.

"Бұл көрсеткіштер бойынша Жамбыл облысы Алматы, Қызылорда және Ақмола облыстарынан кейін төртінші орында тұр",- деді Ө.Түсімов. Жол апаттарының саны 17,2%-ке (6 ай, 20 күнде 362 болса, былтыр осы мерзімде бұл сан 309 болған), ал қаза тапқандар саны 46%-ке (былтыр 139 болса, биыл - 203), жараланғандар саны 12,4%-ке (былтыр 430 болса, биыл - 461) артты.

"Бірінші кезекте республикалық маңызы бар тас жолдарда апаттар саны арта түсуде",- деді ол. "Жалыпы еліміз бойынша республикалық маңызы бар жолдарда жол апаттарының саны 30%-ке, ал Жамбыл облысы бойынша - Алматы-Астана- Бурабай және Алматы-Ташкент тас жолдарында 50-60%-ке артты. Бұл жолдардың сапасы жақсарғанымен, оның параметрлері бұрынғы қалпында қалуына байланысты. Жол төсенішінің ені бұрынғыдай 7 метр қалпында қалды. Ал қозғалыс қарқыны бірнеше есе өсті. Ал әзірге тек Алматы мен Астанада ғана жолдардың параметрлері өзгертілуде: жол алты жолақты болып, қарсы ағындар ажыратылды, түрлі деңгейде жеке тораптар салынуда",- деді Ө.Түсімов. "Қазақстандағы 27 мың шақырымдық жолдар қазіргі заман талаптарына сай келуі үшін 4 жолақты жолдар салынып, автобандарда қарсы ағындар қиылыспайтындай болуға тиіс",- деді ол. Республиканың оңтүстік өңіріне келу себебін Ө.Түсімов Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы қызметкерлерінің заң бұзу деректерін тексеру мақсатымен байланыстырды. "Тараз бен Шымкентте жүргізушілерден тағы да ақша алу оқиғалары жиіледі деген ақпарат келіп түсуде. Сол себепті бір аптадан бері тексерулер жүргізілуде",- деді Ө.Түсімов. "Демек, мәселенің түйіні жол полициясының бастығында емес, қызметкерлердің өздерінде деген сөз (өйткені, қызметінен босатылған О.Никитюктің орнына бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық Жол полициясы басқармасын басқарған подполковник Сұңғат Тіленшин тағайындалған болатын). Қызметкерлердің басым бөлігі жұмыстағы жаңалықтарға риза емес секілді. Біз жол қозғалысы тәртіптері бұзылмаған жағдайда көлікті тоқтатуға тыйым салдық. Тәртіп бұзған жүргізушінің көлігін ақылы тұраққа апарып тастауға да тыйым салынды. Соның салдарынан бұған дейін тәртіп бұзған жүргізуші көп шығынға ұшырайтын, ал бұдан инспектор да, ақылы тұрақтың қожайыны да мүдделі еді. Айыппұл тұрағы тек коммуналдық меншікте болуға тиіс. Біз сонымен бірге бейнебақылау жоқ жерде жылдамдықты анықтау аспаптарын қолдануды да алып тастадық. Тәртіп бұзылғандығы бейнетаспаға түсіріп алынбаған жағдайда бұл қадамның тиімсіз екені анықталды",- деді Ө.Түсімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны