21.10.2015, 18:04 4514

Жыл басынан бері елорда халқыныӊ саны артты

Бүгінгі күнде Астана қаласы халқыныӊ саны 867 790 адамды құрайды. Соныӊ ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 381 470 (44%), "Есіл" ауданы бойынша - 134 472 (15,5%), "Сарыарқа" ауданы бойынша - 351 848 (40,5%) адамды құрады

Астана. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгінгі күнде Астана қаласы халқыныӊ саны 867 790 адамды құрайды. Соныӊ ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 381 470 (44%), "Есіл" ауданы бойынша - 134 472 (15,5%), "Сарыарқа" ауданы бойынша - 351 848 (40,5%) адамды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласы Статистика департаментініӊ хабарлауынша, 2015 жылдыӊ басымен салыстырғанда Астана қаласы халқыныӊ жалпы саны 14 908 адамға, соныӊ ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 1616 адамға, "Есіл" ауданы бойынша - 7644 адамға, "Сарыарқа" ауданы бойынша - 5648 адамға көбейді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жыл басынан бері халықтыӊ табиғи өсімі 14 523 адамды, көші-қон өсімі 385 адамды құрады.

Астана қаласы бойынша ағымдағы жылы жалпы алғанда 17 129 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 7,9%-ға көп. Сонымен қатар, халықтыӊ табиғи өсімі өткен жылғы қаӊтар-тамызбен салыстырғанда 7,5%-ға артып, 14523 адамды құрады.

Жыл басынан бері АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 3,4%-ға азайды, ажырасулар саны 8,9%-ға өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны