02.06.2016, 14:24 3830

Жыл басынан бері Қазақстанда 109 адам суға батып кетті, оныӊ 37-сі - балалар

Қазіргі кезде Қазақстанныӊ су қоймаларында суға батып кеткен адамдар саныныӊ өсуі байқалып отыр. ТЖ Комитетініӊ мәліметтерінше, 2016 жылдыӊ өтіп кеткен кезеӊінде 109 адам, соныӊ ішінде 37 бала суға батып кетті

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - Қазіргі кезде Қазақстанныӊ су қоймаларында суға батып кеткен адамдар саныныӊ өсуі байқалып отыр. ТЖ Комитетініӊ мәліметтерінше, 2016 жылдыӊ өтіп кеткен кезеӊінде 109 адам, соныӊ ішінде 37 бала суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылдыӊ мамыр айында ғана 45 адам суға батқан, бұл ретте елдіӊ көптеген аумақтарында шомылу маусымы ашылған жоқ. Суға батып кеткендердіӊ жалпы саныныӊ 30 пайызы - су қоймаларыныӊ қасында ересектердіӊ қарауынсыз қалған балалар (37 оқиға). Адамдардыӊ қаза табуыныӊ 34 оқиғасы балық аулау кезінде жеке құтқарушы жабдықтарсыз жүріп, қауіпсіздік ережелерін бұзу себебімен тіркелген", - делінген ТЖ Комитеті баспасөз қызметініӊ хабарламасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Адамдардыӊ суда қаза болуыныӊ барлық жағдайлары құтқару бөлімшелері жоқ жабдықталмаған су қоймалары мен жабайы жағажайларда тіркелгенін атап өту керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны