20.06.2017, 20:53 7762

Жыл басынан бері Қызылордада 9 адам суға кеткен

Мамандардыӊ айтуынша, үлкендердіӊ суға кетуініӊ себебі - қауіпсіздік ережелерін ескермеуі, мас күйінде суға шомылу. Ал балалардыӊ суға кетуі көп ретте ата-ананыӊ қарауынсыз қалғаннан болып отыр

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері Қызылорда қаласындағы "Жаӊадария" каналында қайғылы жағдай орын алды. Онда 21 және 23 жасар екі азамат суға батқан. ММ "ОӨАЖҚЖ" күштері 17 сағатта мәйіттерді судан шығарып алды. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Мамандардыӊ айтуынша жыл басынан бері Қызылордада 9 адам тілсіз жаудыӊ құрбаны болып отыр, оныӊ үшеуі бала. Бұл өткен жылдыӊ осы уақытымен салыстырғанда 5 адамға кем.

- Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ мамандары қайғылы жағдайлардыӊ алдын алу және олардыӊ салдарын жою судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Жасақ құтқарушылары да жыл басынан бері судағы және мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Десек те тұрғындардыӊ салғырттығы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырып отыр, - дейді облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімініӊ басшысы Бақтияр Тұрманов.

Мамандардыӊ айтуынша, үлкендердіӊ суға кетуініӊ себебі - қауіпсіздік ережелерін ескермеуі, мас күйінде суға шомылу. Ал балалардыӊ суға кетуі көп ретте ата-ананыӊ қарауынсыз қалғаннан болып отыр дейді мамандар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны