15.07.2016, 17:50 4294

Жыл басынан бері көлік полицейлері 200-ден аса есірткі қылмысы мен қылмыстық теріс қылықты анықтады

Ағымдағы жылдыӊ басынан бері еліміздіӊ көлік полицейлері есірткі заттарыныӊ заӊсыз айналымына қатысты 244 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты анықтады, соныӊ ішінде заӊсыз тасымалдауға қатысты 9 факті, 299 факт есірткі заттарын сақтау және 6 факті есірткі заттарыныӊ контрабандасына қатысты. Сондай-ақ, заӊсыз айналымнан 606,087 келі әртүрлі есірткі заттары, соныӊ ішінде 2,5 келі "героин" есірткі заты тәркіленді

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ басынан бері еліміздіӊ көлік полицейлері есірткі заттарыныӊ заӊсыз айналымына қатысты 244 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты анықтады, соныӊ ішінде заӊсыз тасымалдауға қатысты 9 факті, 299 факт есірткі заттарын сақтау және 6 факті есірткі заттарыныӊ контрабандасына қатысты. Сондай-ақ, заӊсыз айналымнан 606,087 келі әртүрлі есірткі заттары, соныӊ ішінде 2,5 келі "героин" есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Транзит" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеӊберінде барысында Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері 8 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты анықтап, жолын кесті.

Мәселен, аталған іс-шараныӊ барысында Алматы-1 ст. Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері Алматы-1 станциясыныӊ паркінде Алматы қаласыныӊ 30-жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде одан аса ірі көлемдегі героин есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.

Аталған факт ҚР ҚК-ніӊ 296 бабыныӊ 4 тармағы, яғни, аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заӊсыз дайындау, қайта өӊдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізілімінде тіркелді.

Ұсталған азамат Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, а.ж. 11 және 15 шілде аралығында Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында "Транзит" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны