05.07.2016, 17:03 4443

Жыл басынан бері көлік полицейлері белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 2300-ден аса құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

2016 жылдыӊ басынан бері көлік полицейлері әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін 31 522 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, соныӊ ішінде белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 2300-ден аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ басынан бері көлік полицейлері әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін 31 522 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, соныӊ ішінде белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 2300-ден аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәселен, ағымдағы жылғы 4 шілде күні 01.50-де Астана қаласы әуежайыныӊ Желілік полиция бөліміне "Эйр-Астана" әуе компаниясынан деструктивті жолаушыны тапсыру жөнінде акт келіп түсті.

Құқық бұзушы "Дубай-Астана" бағытындағы әуе кемесініӊ бортында темекі шеккен Қарағанды қаласыныӊ 27-жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР ИҚБтК-ніӊ 441-бабыныӊ 1 тармағы бойынша (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, үш айлық есептік көрсеткіш түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны