24.06.2010, 12:00 2793

Жыл басынан бері Жамбыл облысына тиісті дәрі-дәрмектердің 63,2 пайызы ғана жеткізілген

"Үстіміздегі жылы 80 түрлі дәрі-дәрмек мүлдем жеткізілген жоқ. Бұлар көбіне әртүрлі антибактериялық дәрі-дәрмектер. Олардың саны қазіргі уақытта тапшы. Сәуір айынан бастап құтырық ауруына қарсы салынатын дәрі бітіп те қалған",- деп хабарлады Ж. Надиров.

Тараз. 24-маусым. Kazakhstan Today Жыл басынан бері Жамбыл облысына тиісті дәрі-дәрмектердің 63,2 пайызы ғана жеткізілген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жандос Надиров хабарлады.

"Үстіміздегі жылы 80 түрлі дәрі-дәрмек мүлдем жеткізілген жоқ. Бұлар көбіне әртүрлі антибактериялық дәрі-дәрмектер. Олардың саны қазіргі уақытта тапшы. Сәуір айынан бастап құтырық ауруына қарсы салынатын дәрі бітіп те қалған",- деп хабарлады Ж. Надиров.

Оның ақпараттарына сүйенсек, "Самрук-Казына-Фармация" ЖШС облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарымен дәрі-дәрмектер тасымалау жөнінде жалпы құны 1,2 млрд теңге болатын келісім жасаған, бұл соманың 30 пайызы алдын ала төленген.

"Алайда 5 ай ішінде тасымалдануға тиіс 508,5 млн теңгенің дәрі-дәрмектерінің орнына небәрі 321,3 млн теңгенің дәрілері жеткізілген, бұл тиісті дәрі-дәрмектің 63,2 пайызын ғана құрайды",- деп нақтылап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны