04.02.2015, 14:10 4892

Жыл құсы болып орақтұмсық таӊдалды

Қазақстан биотүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстан құстарды қорғау одағымен бірлесіп жыл құсын таӊдады. Биыл бұл мәртебені орақтұмсық иеленіп отыр

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан биотүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстан құстарды қорғау одағымен бірлесіп жыл құсын таӊдады. Биыл бұл мәртебені орақтұмсық иеленіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚБСҚ баспасөз қызметініӊ ақпаратынша, орақтұмсық тек Орталық Азияны ғана мекен етеді. Балшықшылар тұқымдасына жататын бұл құс көлемі жағынан қарғаға келеді. Өзге құстардан ерекшелігі оныӊ орақ секілді ашық қызыл түсті имек тұмсығы мен кеудесінде кесе-көлденеӊ орналасқан қара жолағы бар. Өте сирек кездесетін құс түрі ретінде Қазақстанныӊ Қызыл кітабына енгізілген. Біздіӊ елімізде олар көбінесе Солтүстік және Орталық Тянь-Шаньніӊ, Жоӊғар Алатауыныӊ биік таулы беткейлерінде кездеседі, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Орақтұмсықтыӊ суреті осы жылдыӊ тамызында Алматыда өтетін Солтүстік Еуразияныӊ XIV Халықаралық орнитоологиялық конференциясыныӊ эмблемасына айналады. Аталмыш шараны бірқатар қазақстандық және ресейлік ұйымдар ұйымдастырмақ.

Жыл құсын таӊдау дәстүрін ҚБСҚ Қазақстанныӊ құстарды қорғау одағымен бірлесіп 2006 жылдан бері жүргізіп келеді. Бұл бастаманыӊ мақсаты - ел халқын сирек және жойылудыӊ аз-ақ алдында тұрғанқанаттылар туралы хабардар ету.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны