09.03.2017, 18:35 4356

Жыл сайын 8 наурыз қарсаӊында Қарағанды облысында құқық қорғау органдарыныӊ еӊ сұлу қызметкері анықталады

Қарағанды ІІБ Жаӊа Майқұдық бөлімініӊ жедел уәкілі, полиция майоры Елена Мұстақымова екінші жыл қатарынан жеӊіске жетіп отыр.

Қарағанды. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Жыл сайын 8 наурыз қарсаӊында Қарағанды облысында құқық қорғау органдарыныӊ еӊ сұлу қызметкері анықталады. Қарағанды ІІБ Жаӊа Майқұдық бөлімініӊ жедел уәкілі, полиция майоры Елена Мұстақымова екінші жыл қатарынан жеӊіске жетіп отыр.

Байқауда арулар мергендік, қоян-қолтық ұрыс және заӊ білімі сайыстарында жарысты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кешкі көйлектер көрсетілімін өткізіп, өз шығармашылықтарын паш етті. Елена полицияда қызмет ету туралы өзі шығарған өлеӊді оқып шығып, қазылар алқасын тәнті етті.

Төрешілер бірауыздан Еленаны жеӊімпаз деп таныды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны