08.11.2018, 15:45 5147

Жыл сайын Қазақстанда бас пен мойын қатерлі ісігіне шамамен 2 мыӊдай адам шалдығады

2018 жылы Қазақстанда бас пен мойын ісігін ерте диагностикалау бағдарламасына 6 қаладағы 8 онкологиялық орталық қатысып, 500-ден астам адам қаралды

Алматы. 8 қараша. Kazakhstan Today - Бас пен мойынныӊ қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша еуропалық апталық аясында Алматыда ҚР онкология саласындағы жетекші мамандары баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтыныӊ докторлары, институт директоры, ҚР ҰҒА Академигі Қайдарова Д.Р. жетекшілігімен баспасөз мәслихатында бас пен мойынныӊ қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша 6 қалада жүзеге асырылған бағдарламаныӊ нәтижелері, бас пен мойынныӊ қатерлі ісігініӊ ерте белгілері, негізгі тәуекел факторлары мен осы дерттіӊ алдын алу шаралары, сонымен бірге бас пен мойындағы қатерлі ісіктерді алып тастау бойынша бірегей операциялар жөнінде айтты.

ҚР бас пен мойынныӊ қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша еуропалық апталыққа төртінші жыл қатарынан қатысып отыр. Шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ эгидасы бойынша, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Бас пен мойын ісіктері жөніндегі Қазақстан мамандарыныӊ қауымдастығыныӊ белсенді қатысуымен және немістіӊ "Мерк" компаниясы мен швейцариялық "Ацино" компаниясыныӊ қолдауымен өтіп жатыр. Бас пен мойынныӊ қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша еуропалық апталықтыӊ мақсаты - бірінші буын дәрігерлері мен тұрғындарды бас пен мойын ісігініӊ ерте белгілері туралы хабардар ету. Бұл өз кезегінде адамдардыӊ медициналық қызметкерлерге уақтылы қаралуына, сонымен бірге диагноздыӊ уақтылы қойылуына және науқастарды арнайы жәрдем алуға бағыттауға септігін тигізеді.

2018 жылы Қазақстанда бас пен мойын ісігін ерте диагностикалау бағдарламасына 6 қаладағы 8 онкологиялық орталық қатысып, 500-ден астам адам қаралды, 32 науқастан (6,2%), 211 адамнан сипатты емес патология (40,8%), қалғандарынан (53,0%) мұрын, құлақ және ауыз қуысында патология анықталмады. Пациенттердіӊ көбі Алматы мен Астанада 150 адамнан тексерілді.

"Отолорингологтар мен стоматологтарды оқытуға басты назар бөлеміз. Жекелеп айтқанда, онкосақтық және бас пен мойын ісігін ерте диагностикалау - басты назарда. Тұрғындарды оқыту және оларды тегін қарау Алматы, Астана, Шымкент, Семей, Ақтөбе мен Қарағанды қалаларында өтті. Науқастардыӊ көбі бізге аурудыӊ III-IV сатыларында қаралады. Емдеудіӊ тиімді әдістерініӊ болуына қарамастан, бас пен мойын ісігіне шалдыққан науқастар арасында диагноз қойылғаннан кейін бір жыл ішінде өлім-жітім көрсеткіші 50 пайызға теӊ. Ал, уақтылы диагностика мен емдеу жағдайында аман қалу көрсеткіші - 80-90 пайыз", - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтыныӊ докторлары институт директоры, медицина ғылымдарыныӊ докторы Диляра Қайдарова.

Республиканыӊ алты ірі қаласы - Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей мен Шымкентте өткен науқанныӊ бірінші кезеӊі аясында 500-дей стоматолог, ЛОР-дәрігер мен онколог Ресей мен Қазақстанныӊ жетекші мамандарынан білім алып, біліктілігін көтерді.

Осы жобаныӊ екінші кезеӊінде жоғарыда аталған 6 қалада тұрғындар онкологиялық диспансерлер мен поликлиникалар негізінде тегін қаралды. Науқастарды көппәнаралық мамандар командасыныӊ тегін қарауы қатерлі ісігі бар адамдарды анықтап, оларды ары қарай диагностикадан өткізу мен емдеуге мүмкіндік берді.

ТМД-дағы "Мерк" биофармацевтикалық бөлімшесініӊ бас директоры Роджер Элиа (Roger Elia), былай дейді: "Жыл сайын Қазақстанда бас пен мойын қатерлі ісігіне шамамен 2 мыӊдай адам шалдығады. Бас пен мойынныӊ қатерлі ісігімен ауыратын науқастардыӊ өліміне көбінесе дерттіӊ кеш диагностикасы себеп болады. Ал, кеш диагностикалауға бір жағынан, тұрғындардыӊ ауру мен оған шалдығу факторлары туралы аз хабардар болуы, екінші жағынан, бірінші буын дәрігерлерініӊ білім деӊгейініӊ жеткіліксіз болуы, түрлі мамандықтары бар дәрігерлердіӊ арасында қажетті үйлесімділіктіӊ болмауы себеп. Стоматологтар мен отоларингологтарды оқыту тар шеӊберлі мамандарға онкосақ болуға және қауіпті белгілерді байқаған жағдайда, дереу тексеріс жүргізіп, уақтылы диагноз қоюға мүмкіндік береді".

Бас пен мойын қатерлі ісігі көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ және мұрын мен мұрын айналасындағы қуыстар, сілекей бездерінде орналасады. Жыл сайын әлемде бас пен мойынныӊ жайпақ жасушалы қатерлі ісігіне шалдығудыӊ 600 мыӊ жаӊа оқиғасы тіркеліп, науқастардыӊ теӊдей жартысы жыл сайын о дүниеге аттанады. Бас пен мойын қатерлі ісігініӊ асқынуына себеп болатын жағдайлар:

o науқастардыӊ 6,5 пайызында дерт ешқандай белгісіз өтеді немесе оныӊ белгілері аз байқалады;

o науқастардыӊ 17,5 пайызыныӊ бас пен мойында қатерлі ісіктіӊ болуы мүмкін екенінен хабарсыздығы және өз бетінше емделу;

o 25,5 пайыз жағдайларда кеӊ бейінді дәрігерлердіӊ (терапевт, хирург) онкосақтығыныӊ жеткілісіз дәрежеде болуы;

o 50,5 пайыз жағдайларда оториноларингологтар мен стоматологтардыӊ ағаттығынан болады.

Бас пен мойынныӊ қатерлі ісігін оныӊ өте кеш сатысында емдеу күрделі. Айта кетсек, мүгедектікке әкелетін және науқастыӊ өмір сүру сапасын нашарлататын операциялар жасалады. Дерттіӊ ерте диагностикасы және адекватты ем тағайындау науқастыӊ айығу мүмкіндігін арттырады.

"Бас пен мойынныӊ қатерлі ісігін және оған әкелетін ауруларды ерте анықтау - емдеу нәтижелеріне ықпал ете алатын және науқастыӊ өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маӊызды фактор. Осыған байланысты тұрғындарды дерт туралы хабардар етуге арналған және алдын алу сипатындағы шараларды өткізу бас пен мойынныӊ қатерлі ісігіне шалдыққан науқастардыӊ өмірін болжау үшін аса маӊызды. Біз осындай әлеуметтік маӊызды белсенділікті қолдауға әзірміз", - дейді "Ацино" компаниясыныӊ Қазақстандағы өкілдігініӊ басшысы Людмила Жангельдина.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны