24.07.2018, 16:50 5684

Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісікпен ауырған балалардыӊ орташа есеппен 600 жуық жаӊа оқиғалары анықталуда

Онкологиялық ауруға шалдыққан балалардыӊ көбісі оӊтүстік өӊірлерден келгендер. Бұл аурумен көбінесе Ақтөбе, Маӊғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы балалар ауырады.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісікпен ауырған балалардыӊ орташа есеппен 600 жуық жаӊа оқиғалары анықталуда. Оныӊ шашамен 40%-ын лейкемия, қалған 60%-ын қатерлі қатты ісік құрайды.

Балаларға диагноз қою және онкологиялық ауыруға шалдыққан балаларды емдеу тегін медициналық көмек көрсетудіӊ кепілді көлемі шеӊберінде іске асырылады.

Бір емделушініӊ терапия курсына мемлекет орташа есеппен алғанда 10-12 млн. теӊгеге жуық ақша бөледі.

Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға медициналық көмек көрсететін екі республикалық орталық жұмыс істеуде - Алматы қаласындағы Ұлттық ғылыми педиатрия және балалар хирургиясы орталығы мен Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында бір жылдыӊ ішінде жаӊадан пайда болған қатерлі ісіктен 5000 жуық ем алды. Алғашқы диагноз өӊірлерде қойылып, қарқынды химиотерапия курсы сол республикалық орталықтарда жасалады.

ҚР Денсаулық министрлігі Ұлттық ғылыми педиатрия және балалар хирургиясы орталығыныӊ директоры Риза Боранбаеваныӊ сөзінше:

"2016 жылмен салыстырған 2017 жылы онкологиялық ауруға шалдыққан 610 балалар тіркелген оныӊ 558 жаӊадан ауырғандар. Ауруға шалдыққан балалардыӊ саны 9,3%-ға өскені байқалады. Біздіӊ ойымызша, ауырған балалардыӊ көрсеткішініӊ өсуі өӊірлерді диагноз қою сапасы жақсаруына байланысты.

Балалардағы жаӊадан пайда болған қатерлі өскіндердіӊ құрылымыныӊ 38,7%-ын аққандылық (236 бала) және 61,3% -ын (374 бала) қатты өскіндер құрайды.

ҚР Денсаулық министрлігі Ұлттық ғылыми педиатрия және балалар хирургиясы орталығыныӊ деректеріне сүйенетін болсақ, 2017 жылы қатерлі жаӊа өскіндермен ауыратындардыӊ саны 100 мыӊ баланыӊ 12,5-ын құраған, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 11,5-ды құраған".

Онкологиялық ауруға шалдыққан балалардыӊ көбісі оӊтүстік өӊірлерден келгендер.

Бұл аурумен көбінесе Ақтөбе, Маӊғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы балалар ауырады.

2017 жылы емделуге Оӊтүстік Қазақстан облысынан 97 бала, Алматы облысынан 62 бала, Алматыдан 57 бала, Астанадан 46 бала келген.

Аурулардыӊ жас шамасына қарайтын болсақ, қатерлі ісікпен ауыратындардыӊ 36 %-ын 0-ден 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер, 55%-ын 3 жастан 15 жасқа дейінгі балалар және 15 жастан үлкендері 9%-ды құрайды екен.

Бірінші орындағы аурулар - 34% асқынған аққандылық, екінші орында - 16% бас миыныӊ ісіктері, үшінші орында - 12% нейробластомалар, одан кейін - 7% лимфома, - 7% ретинобластома тұр.

Еліміздіӊ өӊірлерінде динамикалық бақылау есебінде 4000-ға жуық бала, оныӊ 300-дейі емдік әсерді ұстап тұрушы терапия алады.

Бүгінгі күні біздіӊ елімізде балалардыӊ кейбір онкологиялық ауруларын емдеу тиімділігі 70-90%-ды құрайды. Лимфобластты аққандылық - 78%; ретинобластома - 96%; остеосаркома - 91,7%; жұмсақ тіндер саркомасы - 85,3%; нефробластома - 82,4%; лимфома - 85%, сонымен қатар қатерлі ісіктіӊ бұлардан да қатты асқынған түрлері бар, олар гендегі іркілістен ұшығады, оларды емдеу нәтижелері онша да қуанатындай емес. Алайда әлем медицина бір орында тұрақтап қалған жоқ, және де бүгінгі күні Қазақстанда ондай ауруларды бақылау және оған шалдыққан ауруларды өмірін ұзарту мүмкіндіктері бар.

Ракты емдеу терапиясыныӊ тиімділігі диагноз дер кезінде қойылуына байланысты болып отыр, балаларда рактыӊ I-II диагноз қою көрсеткіші 2016 жылғы 37%-ға салыстырғанда 2017 жылы 40%-ға дейін өсті.

Бұған қоса, ҚР Денсаулық министрлігі Ұлттық ғылыми педиатрия және балалар хирургиясы орталығы өкілдерініӊ айтуынша балалар арасындағы қатерлі ісіктіӊ 50%-ға жуығы туа біткен, бала тумай жатып, жасушалар мутацияға түсу салдарынан болып жатады. Сондықтан балалар арасындағы қатерлі ісікке жол бермеу үшін ата-аналарыныӊ денсаулығын сақтауға зор мән беріледі.

Соӊғы жылдары МЕҰ, волонтерлер, жанашыр азаматтар тарапынан онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен олардыӊ ата-аналарына көп көмек көрсетілуде, олар табысы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға материалдық көмек беруден аянбайды, сондай-ақ онкологиямен ауырған балаларды психологиялық бейімдеп те жатыр.

Көмектіӊ сан алуан түрі бар, нақты бір адамға (киім, памперс, киім жуатын заттар, жеке басы гигиенасыныӊ заттарын сатып алу) бағытталған көмек, қайырымдылық концерттер ұйымдастыру, әлеуметтік бейнетаспалар шығару, шетелдік клиникаларда ем алуды қаржыландыру, қатерлі дертті жеӊген балалармен спектакльдер ұйымдастыру сияқты түрлері бар екенін білген абзал.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны