08.04.2013, 14:46 3753

Жыл соңына дейін Алматыда жаңа автобустар, троллейбустар мен метро стансалары пайдалануға беріледі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "2020 жылға дейін Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын дамыту" мембағдарламасына қатысты қоғамдық тыңдау барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2013 жылдың соңына дейін 2 муниципалды парк, екі жаңа метро стансасы ашылып, пайдаланысқа берілетін 195 жаңа троллейбустың 100-і жұмыс істеп жүргендігін мәлім етті.

Алматы. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Жыл соңына дейін Алматыда жаңа автобустар, троллейбустар мен метро стансалары пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "2020 жылға дейін Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын дамыту" мембағдарламасына қатысты қоғамдық тыңдау барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2013 жылдың соңына дейін 2 муниципалды парк, екі жаңа метро стансасы ашылып, пайдаланысқа берілетін 195 жаңа троллейбустың 100-і жұмыс істеп жүргендігін мәлім етті.

"Парк іргесінде сығылған табиғи газбен жүретін 200 автобус іске қосылады, бұл Алматы үшін өте маңызды, себебі қаладағы зиянды ауа ластағыштарының 82%-ы автокөлікерге тиесілі", - деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ әкім муниципалды парк жүргізушілерінің жалақысы 150 мың теңгені құрайтынын және онда жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны