19.12.2012, 20:17 2893

Жыл соңына дейін автокөлік құралдарын қозғалыс барысында өлшеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілмек

Ведомствоның хабарлауынша, биыл ауыр жүк көліктерін бақылаудан өткізу жүйесін жетілдіру шараларына баса көңіл бөлінді. Барлық стационарлық және мобильді бекеттер бейнебақылау жүйесіне қосылды. Нәтижесінде көліктік заңнаманы бұзушылықты анықтау көрсеткіші артты. Ағымдағы жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында өндіріліп алынған әкімшілік айыппұл мен алымдардың көлемі 1 млрд. 62 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жыл соңына дейін автокөлік құралдарын қозғалыс барысында өлшеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, биыл ауыр жүк көліктерін бақылаудан өткізу жүйесін жетілдіру шараларына баса көңіл бөлінді. Барлық стационарлық және мобильді бекеттер бейнебақылау жүйесіне қосылды. Нәтижесінде көліктік заңнаманы бұзушылықты анықтау көрсеткіші артты. Ағымдағы жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында өндіріліп алынған әкімшілік айыппұл мен алымдардың көлемі 1 млрд. 62 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының аясында ағымдағы жылдың соңына дейін автокөлік құралдарын қозғалыс барысында өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу көзделуде. Бұл жүйе сондай-ақ, ауыр жүк көліктерін өлшеуге жұмсалатын уақытты қысқартумен қатар, көліктердің салмақ габаритінің сәйкестігін тексеру барысында адами фактордың орын алуына жол бермейді", - делінген хабарламада.

Мұндай алғашқы құрылғыларды "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің Жамбыл облысына қарасты Мерке ауылы маңындағы, Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауылы маңындағы және Ақмола облысының "Астана - Киевка - Теміртау" автожолының Қосшы ауылы маңындағы учаскелерге орнату көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны