25.08.2015, 15:12 5484

Жыл соӊына дейін ҰБТ өткізу ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі - Б.Сапарбаев

Келесі жылдыӊ басында ҰБТ өткізудіӊ жаӊа ережелері жарияланады, деп мәлімдеді бүгін білім жүйесі қызметкерлерініӊ тамыз кеӊесі барысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - Келесі жылдыӊ басында ҰБТ өткізудіӊ жаӊа ережелері жарияланады, деп мәлімдеді бүгін білім жүйесі қызметкерлерініӊ тамыз кеӊесі барысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жыл соӊына дейін Ұлттық бірыӊғай тестілеу өткізу ережелеріне оныӊ ашықтығын қамтамасыз ететін толықтырулар мен өзгертулер енгіземіз деп ойлаймын, және келесі жылдыӊ қаӊтар-ақпан айларында барлық ережелерді БАҚ-да жариялаймыз", - деді Б.Сапарбаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, аталған өзгертулерге түлектердіӊ ата-аналары тарапынан келіп түскен көптеген шағымдар негіз болып отыр.

"Ұлттық бірыӊғай тестілеуге байланысты мәселе көп. Министрлік тестілеу ойдағыдай өтті, оқушылардыӊ білім деӊгейі жақсы деп есеп берді. Бірақ, бәрібір ата-аналар тарапынан арыз-шағым азайған жоқ. Білім басқармалары, мектеп директорлары мен әкімдіктер статистиканыӊ соӊына түсіп, ҰБТ-ға барынша көп оқушы қатысса және жоғары балл жинаса болды дейді. Бірақ, бұл дұрыс емес", - деп атап өтті ол.

Б.Сапарбаев БҒМ-не өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша бағытталған өтініштерді зерделеуді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны