31.08.2006, 13:32 7494

Жылдың алғашқы жартысында бұған дейін тарихи отанына көшіп кеткен 1,5 мың неміс Қазақстанға қайтадан оралды

ПАВЛОДАР. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Жылдың алғашқы жартысында бұған дейін тарихи отаны - Германияға көшіп кеткен 1,5 мың этникалық немістер Қазақстанға қайта оралды. Бұл мәліметті ГФР үкіметінің азшыл ұлттар және қоныс аударғандар ісі жөніндегі уәкілі, парламенттің статс-хатшысы, бундестаг депутаты Кристоф Бергнер жұмыс сапарымен Павлодарда болған кезде жария етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Стаст-хатшының айтуынша, қазір Қазақстанда 230 мыңдай этникалық немістер тұрады. Соның ішінде 24 967 адам Павлодар облысын мекен етеді. "Бұл - ұлттық-мәдени орталықтарда тіркелген немістердің ғана саны",- деді ол.

К.Бергнердің пікірінше, немістердің Қазақстанға қайта оралу дерегі республикадағы тіршілік деңгейінің жақсарып келе жатқанының дәлелі. "Адамдар Қазақстанда келешек бар екеніне көз жеткізе бастады",- дейді ГФР үкіметінің азшыл ұлттар және қоныс аударғандар ісі жөніндегі уәкілі.

К.Бергнердің ақпаратына сәйкес, 2005-жылы ТМД елдерінен Германияда тұрақты қоныстануға 35 мың адам көшіп барды. "Сіздің елден көшіп жатқан немістердің саны өткен жылдардағымен салыстырғанда күрт азайды",- деді ол. К.Бергнердің айтуынша, егер бұған дейін ГФР үкіметі немістердің тарихи отанына оралуына қолұшын берумен шұғылданып келсе, ендігі жерде неміс диаспораларын қолдауға баса назар аударылмақ.

Павлодарда ГФР үкіметінің азшыл ұлттар және қоныс аударғандар ісі жөніндегі уәкілі, парламенттің статс-хатшысы, бундестаг депутаты Кристоф Бергнерді облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов қабылдады. Икімшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде өңірдегі неміс ұйымдарының іс-қызметімен бірге Павлодар облысы мен Германия арасындағы экономика, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. К.Бергнер Павлодарда немістердің "Возрождение" атты ұлттық-мәдени орталығының жұмысымен танысып, Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының өкілдерімен жүздесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны