13.07.2010, 10:45 4668

Жылына 4 млрд текше метр су құйылса Үлкен Аралдың аумағы бұрынғы қалпына келмек

Жылына 4 млрд текше метр су құйылса Үлкен Аралдың аумағы бұрынғы қалпына келмек

Алматы. 13-шілде. Kazakhstan Today Жылына 4 млрд текше метр су құйылса Үлкен Аралдың аумағы бұрынғы қалпына келмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, жыл басынан бері Көкарал бөгені арқылы Үлкен Аралға шамамен 3 млрд текше метр су барған. Егер алдағы он жылдың көлемінде теңізге жыл сайын 4 млрд текше метр су ағатын болса, Арал теңізінің аумағы қалпына келеді деген үміт басым болмақ.

Бұл үшін, бірінші кезекте, су көлемін 60 млрд текше метрге жеткізу, яғни, қосымша 33 млрд текше метр су жинау үшін Кіші Аралдың деңгейін 7 8 метрге көтеру керек.

"Мамандар әр жылдары су көлемінің әрқилы болуы себепті су жетпей қалу мүмкіншілігіне алаңдаулы. Алайда, біз 15 жылда Шардара суқоймасынан Арнасай мен Алакөлге 50 млрд текше метр су жөнелттік. Сондықтан, ол жерлерде екінші Арал пайда болды. Сол себепті, енді біртіндеп Үлкен Аралды Көкарал бөгені арқылы Сырдария өзенінің арнасымен келіп жатқан сумен толтыра беруімізге болады", - деді Б. Қуандықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны