18.01.2016, 15:13 4190

Жылу энергиясын қайта есептеу жүргізілді

"Астанаэнергосбыт" ЖШС хабарлауынша, 2015 жылдыӊ желтоқсанында Астана қаласыныӊ тұрғындарына жылу энергиясын қайта есептеу жүргізілген

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Астанаэнергосбыт" ЖШС хабарлауынша, 2015 жылдыӊ желтоқсанында Астана қаласыныӊ тұрғындарына жылу энергиясын қайта есептеу жүргізілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерге тұтынушылармен сараланған тарифтерді қолданудан келтірілген "Астанаэнергосбыт" ЖШС шығындарын өтеу туралы Астана қаласыныӊ Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ заӊды күшіне енген шешімі негіз болды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС жасалған қайта есептеу сомасына 18 ай мерзімге бөліп төлеуді ұсынады. Көрсетілген мерзімде қайта есептеу сомасына өсімақы есептелмейді.

Толық ақпарат алу үшін 91-81-23, 91-81-26, 91-83-33 телефондары бойынша хабарласуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны