21.09.2010, 16:03 4580

Жылжымайтын мүлікті тіркеу үрдісі электрондық форматқа көшеді

Жылжымайтын мүлікті тіркеу үрдісі электрондық форматқа көшеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің "электрондық үкіметті" жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өткізіп отырған отырысы барысында ҚР әділет министрі Рашид Түсіпбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Жылжымайтын мүлікті тіркеу үрдісі электрондық форматқа көшеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің "электрондық үкіметті" жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өткізіп отырған отырысы барысында ҚР әділет министрі Рашид Түсіпбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол жылжымайтын мүлікті тіркеу үрдісінің электрондық форматқа көшетіндігін хабарлады. "Қазіргі уақытта "Жылжымайтын мүліктер тізімі" мәліметтер базасын электрондық нотариаты бар ақпараттық жүйемен ықпалдастыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жылжымайтын мүлікті электрондық форматта тіркеуге көшіруді жоспарлап отырмыз. Мұндай жағдайда азаматтар мүлікті рәсімдегеннен кейін ХҚКО мен әділет органдарына жүгінудің қажеттілігі тумайды. Бұл азаматтардың уақыты мен материалдық шығындарын айтарлықтай қысқартады",- деді Р. Түсіпбеков.

Оның айтуынша, "Жылжымайтын мүліктер тізімі" мемлекеттік мәліметтер базасы 2009 жылдың 14-қаңтарында пайдалануға енгізілген. Қаржылық шығында 325 млн 330 мың теңгені құраған.

Үстіміздегі жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлік бойынша электрондық анықтама беру республиканың барлық аудан орталықтарында енгізілетін болады, деп атап өтті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны