19.07.2013, 15:27 4333

ЖКО-да зардап шеккен ІІМ басшысы орынбасарының жағдайы бір қалыпты

Павлодар облысындағы жол көлік оқиғасында зардап шеккен ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаевтың жағдайы бір қалыпты, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары Зәуреш Тыныштықова.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - ЖКО-да зардап шеккен ІІМ басшысы орынбасарының жағдайы бір қалыпты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысындағы жол көлік оқиғасында зардап шеккен ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаевтың жағдайы бір қалыпты, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары Зәуреш Тыныштықова.

"ІІМ министрінің орынбасары мен оның екі туысын алдымен біздің ауруханаға, жан сақтау бөліміне әкелді. Бүгін оларды санитарлық авиациямен Астанаға жіберді. Алдымен оларды көілкпен Павлодарға жеткізіп, содан кейін тікұшақпен Астанаға жіберді", - деді Тыныштықова.

Оның айтуынша барлық зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны