03.05.2016, 20:37 4225

Жоғалған 23 жастағы студентті табу үшін құтқарушылар Есентай өзенін түгел тексеріп шықпақ

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті 30 сәуірде жоғалған болатын. Осы уақытқа дейін оныӊ Есентай өзеніне құлап кету ықтималы тексерілді. Жігіттіӊ достары аса айқын емес видеода ер адамныӊ көпірден секіріп кеткенін түсіріп алған

Алматы. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда жоғалған 23 жастағы студенттіӊ денесі Есентай өзенінен табылмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті 30 сәуірде жоғалған болатын. Осы уақытқа дейін оныӊ Есентай өзеніне құлап кету ықтималы тексерілді. Жігіттіӊ достары аса айқын емес видеода ер адамныӊ көпірден секіріп кеткенін түсіріп алған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Студенттіӊ жақындары 30 сәуірде полицияға хабарлама берген соӊ қалалық полицияда арнайы іздестіру тобы құрылды.

"Бірінші кезекте оныӊ Есентай өзеніне секіріп кетуі мүмкін екендігі тексеріле бастады. Су астын тексерген сүӊгуірлер ешқандай адамныӊ денесін таппады. Алайда, басқа да себептер қарастырылып жатыр. Полиция оныӊ араласатын ортасын тексеруде", - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Асқар Болатов.

Қазіргі таӊда қалалық ТЖД құтқарушылары Есентай өзенініӊ 12 каскадын тексерді. Аталған аймақта адам денесі табылған жоқ.

"1 мамырдан бері Алмалы аудандық ІІБ, Республикалық оперативті құтқару жасағы жұмылдырылған топ өзенніӊ қала сыртына дейінгі бөліктерін түгел қарап шығады. Жеке құрамныӊ 7 маманы, 1 арнайы техника және сүӊгуірлер жұмыс жасап жатыр", - деді қалалық ТЖД басшысыныӊ орынбасары Нұрлан Мадияров.

Айта кету керек, 23 жастағы студент Санжарбек Арзиевті таныстары 29 с?уірден 30 с?уірге қараған түні Құрманғазы-Шагабутдинов көшелерініӊ қиылысында көрген. ?леуметтік желіде оныӊ түр келбеті суреттелген.

"Бойы 175-178 см, орта денелі, салмағы 75-78 келі. Жас жігіт қара кеудеше, қара күрте киген",- делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны